Patick блогы


Отан соғысын бұрмалаушыларға үндеу

Posted in Қызық, анассс! жіберуші patick on Сәуір 28, 2010
Tags: , , , ,


«Ұлы Отан соғысы қазақтар үшін керек па?», «Қазақтар үшін Ұлы Отан соғысы қажет емес еді», «Қазақстан Отан соғысында босқа қырылды» деген форумдардағы жазуларды көргенде қаным басыма шығады. Не деген топасизм!
Ептібаймат-ау, қазақтар сол соғысқа қатыспаса қазіргі жағдайымыз не болар еді? Соны ойладыңдар ма, топас ұлтшылдар! Ұлтшылдықтарың өз алдына, тікесінен тұрып ұйықтаған, Беларусь пен Украинаның батпағын белшеден кешкен, толассыз жаңбырға жуынып, пулеметін мыңдаған шақырымға дейін жаяу арқалаған қазақ (!) боздақтарының еңбектерін бағаласаңдар жөн болар еді! Ел үшін танк астына тірілей түскен, оқ тиген ұшағын жау үстіне бұрып құлатқан, жау пулеметін кеудесімен жауып, санаулы адаммен жаудың дивизиясына төтеп беріп көз жұмған қазақ жауынгерлерін, қазақстан азаматтарынан тамған бір тамшыға татымайсыңдар, көтриот бауырлар! Күндез егістік пен фермада тер төгіп, тәулігіне бір рет қана ыстық тамақ ішіп, кешке үйіне келіп таң атқанша әскердегі азаматына жылы киім тіккен аналар мен әйелдердің көз жасының бір тамшысына да тұрмайсыңдар, соқыр-солшыл патриотсымақтар. «Қазақ», «қазақ» деп өтірік мәймеңкелегендерің 1930 жылдарда халықтың интеллектуалдың әлеуеті болып табылатын білімді азаматтарды бір-біріне айдап салып, атқызып-асқызып тастаған сатқындарды есіме түсіреді. Жиіркенем сендерге. Кетіңдер, нақ!