Patick блогы


Үміт жоқ!

Қазақтардың өзін-өзі жою үрдісінің эволюциялық тұрғыдан жоғары деңгейде  келе жатқанын ескеріп, үмітті шайтанға ұстаттым да, блогтың бәрін наққа жібердім. Енді келем бе, келмейм бе – өзім де білмейм. Аман бол, Әщөк. Арақты көп іше берме, аз да ішпе…

Харакири жасайтын да уақыт жеткен сияқты, икебанасынссс. Кетіңдер, нақ!

Әщөктің өмірден тіккендері

Posted in Әшөктің басынан кешкендері жіберуші patick on Мамыр 6, 2011

Әщөк көршім өлгелі жүрген шалдар құсап, философияға бет алыпты. Өмірден көрген-түйгендерін әжетхана қағазына сүртіп, тойыс түртіп жүр екен. Соның үйіндегі әжетханада отырғанда оқығандарым:

  • «Банкоматтың чегімен артыңды сүрткен ыңғайсыз екен».
  • «Супермаркеттің чегімен де сүрткен ыңғайсыз».
  • «Баклашкі дегенім – пластикалық бөтелке екен, пластикалық бөтелке дегенім – құман екен».
  • «Итің қабаған болса үйіңе кіре алмайсың, итің жуас болса сыртқа шыға алмайсың – Гарик зайбалыңды шығарады».
  • «8 702 323 85 96  Зуля(соска)».
  • «Өнер алды қызыл тіл. Өнер кімді алды? Ол қызыл тілді алды. Өнер,  қызыл тілді қайтарып бер».
  • «Мысығың семіз болса – пақаның балықшы деген сөз».
  • «Сыра деген – пибі екен, пибі дегенім – тошны «Шымкентское» емес. «Шымкентское» – есектің сідігі».
  • «Ішім-ай, ішім».

Еріксіз, тәліб Әщөк-ай дедім. Басқа не дейін, шаруамды аяқтап болып, тұрып жатыр едім.

Өте-өте әміркандық мистика

Олар қала сыртындағы жалғыз тұрған үйге көшіп келді. Он шақты бөлмеден тұратын алып баспанада енді тек төртеуі ғана тұратын болады. Қаладағы қиын өмірлерін артта қалдырып, әдемі сарайдың иелері атанып шыға келді. Жанұя мүшелерінің қуанышында шек жоқ. Үлкен қызы Дженни өзіне қай бөлмені таңдарын білмей, әрлі-берлі зыр қағып жүр. Кішкентай қызы Джулия үйдің бұрынғы тұрғындарынан қалған ескі қуыршақтармен ойнап отыр. Жаңа ойыншықтар тапқанына ол да мәз. Отағасы Майкл мен әйелі Клара есік алдында жаңа баспаналарына сүйсініп, құшақтасқан күйі тамсана әлденелерді айтып тұр.

Ертесіне риэлтор мен үйдің бұрынғы иесі Джон келді. Жаңа тұрғындардың соңғы шешімдерін білмек. Ал отбасы үйді көрген күні-ақ шешіп қойған: «Үй біздікі! Аламыз!». Қонақтар тағы бір рет үйді аралап, оның бұрынғы иесі Джон осы жерде тұрған кездегі өмірінен аздап сыр шертті:

— Қандай бақытты отбасы болып едік. Мына бөлмеде қарындасым Сара тұратын. Ал мына бөлме қонақтарға арналған қосымша жатын бөлмесі болды. Ал мынау бөлме…
(more…)

Тайм-кипер

Posted in Қызық, анассс! жіберуші patick on Наурыз 24, 2011
Tags: , , , ,

Блогкемп, құрылтай. 201 аудитория. Тайм-кипер болып тұрған маған Асхат жүгіріп келіп:

– Patick, басқа аудиторияларда тайм-кипер қалмады. Сенің қыздарың забастовка жасап жатыр, наққа жібергенің үшін ренжулі, – деп айқайлады.

Оянып кетсем, түсім екен. Ең болмаса, түсіме тыным берсеңдерш :))))))))))))))

Иттердің мәдениеті

Херметті, иттер және олардың үй хайуанаттары! Өтініш: көгалды бүлдірмеңдерші! Ваня ағайды аясаңдаршы, жұмыстан «шаршап» келе жатқанда, үйіне жете алмай қалса көгалдың үстіне жантая кететін еді. Бірақ, соңғы уақытта «шаршауға» құлқы болмай жүр. Өйткені, көгалдың үстіне иттер мен олардың үй хайуанаттары әжеттерін өтеп кетеді.

Көгалқырыққышы бар көгал қырқушы – Байболды да ойлау керек! Осымен үш рет агрегатын сындырды. Себеп: тастай болып қатып қалған үй хайуанаттарының құмалақтары.  Үш рет еңбекақыдан айырылды. Өйткені, жұмыс беруші көгалқырыққыш шақ келтірмейсің деп сынған құралдың ақысын өндіріп алып жүр.
(more…)

Намыс та, ұят та жоқ

Қазақтар өз ана тілдерін қорлағандарымен қоймай, орыс тіліне де орасан нұқсан келтіріп жатыр. Ала-құла сөйлеп, не айтқандарын өзге түгіл, өздері түсіне алмай қалатын жағдайға жетті.  «Сотка», «домашка», «оплотить», «звонит» (екпінді «о» әрпіне түсіріп), т.б. сөздерді ойлап тапқан :). Құсқың келеді. Ұят та, намыс та жоқ. Ең болмаса, өзгені сыйласаңдарш. Сөйлей алмайсыңдар ма, тып-тыныш қазақша сөйлеп жүре беріңдер. Қайдан?! Сөйлеп білмесе де, орысша тілін сындырып тұрады, нақтар.

Әр нәрсенің шегі болады ғой, қазақтар. Осылай жүре бересіңдер ме? Орысша разговаривать еткенде не шықты? Рога өсіп шықса маған скажите, мен де орысша разговор жүргізейін.

Классика

– Қанша?

Классика – 1 сағатқа 3 мың, ыс менетом – 3500.

«Классика деген сөздің мағынасын білесің бе?» деп сұрағың келіп кетеді. Пәлсапасынссс. Бірақ сұрамайсың, өйткені мен білемін: оның ұғымында классика – жыныстың қызметтің ең қарапайым түрі. Ал сен классиканы қалай түсінесің?

Көшедегі мамботтар

мәмбетМамбот десем тағы ренжисіңдер. Әңгіме көшедегі жаяу мамботтар жайында. Өзгені білмейм, жалпы өз басым көшеде өздерін ұстай білмейтіндерді сондай категорияға жатқызам. Оларды өзге ибалы адамдардан қалай ажыратамыз? Басты белгілері мыналар:

 

 

1. Тротуардың бойында келе жатып қақырып-түкіреді.
2. Өзге жаяу жүргіншілердің көзінше сіңбіреді.
3. Қолындағы қоқысын кез-келген жерге лақтыра салады.

Мамбот оқырманның көңіліне тисе, кешірім сұрамаймын. Есіңе сақта: Мамботтық пен ибалық арасын бөліп тұрған жоғарыдағы үш пункт.

Ойын ойнап еріксең

Posted in Пайдасыз кеңестер жіберуші patick on Қаңтар 24, 2011
Tags: , , ,

Ойынды қызыққаннан емес, еріккеннен ойнайтын адамдар үшін. Бұл жерде компьютерлік ойындар туралы айтылып отыр. Атың өшкірдің, босқа жүргенше вандализммен де айналысуға болады. Мысалы, былайша:
(more…)

Қорытынды 2010

Posted in Қызық, анассс! жіберуші patick on Желтоқсан 30, 2010
Tags: , ,

Биыл, жасыратыны жоқ, талай қызықты оқиға болды.
Ең бір басты жаңалықтардың бірі – интернетте сөйлесіп жүрген біршама адамдармен таныстым. Аршат, Ерлан Оспан, Омар брат секілді амиголармен бір дастарханда бас қосудың жолы түсті. Блогер ұл-қыздармен бірқатар мейрамдарды қарсы алып, талай рет кездесіп, көңіл көтердік.
Екінші бір жағымды жаңалық – осы блогтың ашылуы. Бұрын, аннан мында секіріп тұрақсыз жүретінмін. Содан кейін, осы блог отырықшылық саясатын ұстануыма жол ашты. Тіпті, біреулер мені блогерлер санатына жатқызатын болыпты (ұялған 3D смайл). Сонымен, қысқа да нұсқа:
1. Жылдың ең үздік басқосуы: Жаздағы кездесуліктердің жиыны.
2. Жылдың ең үздік сусыны: «Балтика» сырасы.
3. Жылдың ең үздік тағамы: Әйелім жасаған торт.
4. Жылдың ең үздік тіскебасары: кептірілген Қаракөз балығы.
5. Жылдың ең үздік көлігі: 99-шы бағыттағы автобус.
6. Жылдың ең үздік топасы: 99-шы бағыттағы автобустың экипажы.
7. Жылдың ең ұзақ сапары: Алматыдан Атырау облысына жол жүру. Үш күн Атырауға дейін, және кері бағытта тағы үш күн. Барлығы 6 күн жол үстінде пойызбен.
8. Жылдың ең үлкен шығыны: Оқу ақысы (тссыгиндерің беріп жатқан білімі жоқ, есесіне атасының құнын сұрайды).
9. Жылдың ең үздік өсегі: Сатыбалды – Аршаттың, Нұрберген Мақымның, Патиктің біріктірілген образы екен.
10. Жылдың ең үздік кітабы: @abilakim Таразұлы, «Көңілімнің тауығы», таңдамалы өлеңдер жинағы. «Хулизаман» баспасы, 2010 жыл.
11. Жылдың ең үздік киносы: Lost, әсіресе «Ақырғы сезоны».
12. Жылдың ең үздік әні: 0
13. Жылдың ең үздік сайты: http://kezdesu.com/
14. Жылдың ең үздік лақтыруы: Досым әуежайдан күтіп ал деп хабарласты. Белгіленген уақытта әуежайға кетіп бара жатып, досыма хабарлассам: «Мен үйдемін, жолға шықпай қалдым»-дейді.
15. Жылдың ең үлкен қорқынышы: Аяғымды оқыс қайырып алып, қатты аурулық (болевой) шок алдым. Ана жаққа жүріп кететін шығармын деп ойлағам, аман қалдым 🙂
16. Жылдың ең түсініксіз оқиғасы: Біреу өте бағалы сыйлық сыйлады, бірақ оны қалай сатып алғанын біле алмадым. Өйткені, оның сонша бағалы бұйымды алуға шамасы келмес еді.
17. Жылдың ең пайдалы сыйлығы: Сыртқы хард диск (файлдарды ноутбугыма сыйғыза алмай жүргем).
18. Жылдың ең үздік қауышуы: Оныншы сыныптан бері көрмеген досымды қайта кездестіру.
19. Жылдың ең үздік ауышуы: Биыл шеккен жоқпын.
20. Жылдың ең үздік оқиғасы: Менің үйлену тойым, туаймайттың 🙂

Биылғы жыл осылай ерекшеленді. Келесі жыл бұдан да жақсы қуаныштар әкелсін деп тілейік. Биыл аса үлкен қайғылы, не жағымсыз оқиғалар болған жоқ. Солай бола берсін!
Сөзімді аяқтай келе, менің сөз кезегін ешкімге бермеймін. Өйткені, ешкімнен сөз алған жоқпын. Сау болыңдар. Келесі жылда кездескенше!

Келесі бет